Басты
қОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!!!
Мекен-жайы: Павлодар облысы, Качир ауданы,
Тілеубай ауылы
Телефоны: + 7 718 33 23643 ,
Факс: + 7 718 33 23643
Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Тілеубай негізгі мектебі бойынша
«Мектепке жол» акцисы туралы мәлімет
13 тамыз күні Тілеубай негізгі мектебінде «Мектепке жол» акция өз жалғасын тапты. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының балаларына киім және аяқ киім берілді. Бұл заттарды алуға мектеп мұғалімдері, балалар шағын оталығының тәрбиешілері, мектеп медағасы өз үлестерін қосты. Қиім мен аяқ киімдер 30000 /отыз мың/ теңге көлемінде алынды.
Тілеубай негізгі мектебі бойынша
1-сыныпқа – бірінші рет акцисы туралы мәлімет
6 тамыз күні Тілеубай негізгі мектебінде 1-сынып ата-аналарының қатысуымен жиналыс өткізілді. Биыл мектеп табалдырығын 3 бала аттағалы отыр. Ата-аналар 1-сыныптың оқу жүктемесімен танысып шықты: алдымыздағы оқу жылында оқушыларға арналған шет тілі пәні енгізіледі. Қалай тамақтанады, қандай оқулықтарымен жұмыс жасайды, мектеп формасы туралы мәселелер көтерілді.
Осымен қатар 1 сыныпқа баратын 3 оқушыға мектеп сумкасы сыйланды. Сумка ішінде оқуға керекті кеңсе заттары бар. Осы акция барысында бізге Байқоныс ауылдық округінің әкішілігі көмек көрсетті.
Тілеубай негізгі мектебі бойынша
мүгедек күніне арналған шараларды өткізу туралы мәлімет
Тілеубай негізгі мектебі бойынша 1 мүгеде бала бар. Ол 8-сынып оқушысы үйде оқитын Хамитов Арман. Мектептің мұғалімдер ұжымы бұл балаға арнап кеңсе заттарын, тәтті сыйлықтар сыйлады. Балалардың орындауында шағын концерттік бағдарлама көрсетілді. 6-7-сынып оқушылары «Әрқашан да күн сөнбесін» атты сурет сайысына қатысты.
Тілеубай негізгі мектебі бойынша
«Қамқоршы күніне» өткізу туралы
29 қазан күні Тілеубай негізгі мектебі бойынша келесі іс-шаралар өткізілді: «Бұл менің отбасым» атты фотокөрме, мектеп оқушылар қолымен жасалған бұйымдар көрмесі, «Мен саған күн сыйлаймын» атты сурет сайысы, спорт сайыстары, мектеп оқушылары қатысуымен конценттік бағдарлама. Бұл мерекеге үйде оқитын 8-сынып оқушысы Хамитов Арман ата-аналарымен қатысты.
Тілеубай негізгі мектебі бойынша
діндік экстремизм бойынша мәліметтер
Өткен оқу жылында мектеп бойынша діндік эстремизмге байланысты 2 шара өткізілді: қыркүйек айында мектеп директоры мектеп қызметкерлерімен діндік экстремизмге қарсы нұсқаулық және 7-8-сынып жетекшісі Уваисова А.И. қараша айында «Дін, терроризм, экстремизм» атты мектеп оқушыларымен семинар өткізді. Қазіргі кезде дүние жүзінде болып жатқан соғыс жағдайлар, терроризм мен экстремизнің адамзатқа зияны тиетіні туралы айтылды.
Тілеубай негізгі мектебі бойынша
құқық бұзушылыққа қарсы
қолданылатын алдын алу шаралар
қараша айы 2013 ж
Қараша айында мектеп бойынша келесі шаралар өткізілді: «Сен заңды білесің бе?» атты сынып сағаты өткізілді. Бұл шараға 1-9- сынып оқушылары қатысты. Оқушылар спорт сецияларға қатысады. 18.00 сағаттан кейін рейд жасалады. Рейдке сынып жетекшілері мен ата-аналар комитетінің мүшелері қатысады. Мектепішілік және тәуелді топтарда есепте тұрған оқушылар жоқ.
Тілеубай жалпы білім беру негізгі мектебі бойынша
«Зұлымдықсыз және зорлықсыз балалық шақ» өткізілген
іс- шаралардың есебі
1 қарашада «Құқық және мен» атты баяндамалар сайысында 8- 9 сынып оқушылары қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті. Өткізген бұл іс- шараны Жекеева К.Е. 4 қарашада Мангутова Р.К «Бостандық не үшін керек?» атты дөңгелек дөңгелек үстелін өткізді. Бұл іс- шара 1- 4 сыныптар арасында өтті. 7 қарашада «Зұлымдықсыз, зорлықсыз өмір» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарды сынып жетекшілері өткізді. Абишева А.А., Уваисова А.И. және Мангутова А.Р.Тәрбие сағаттары іс жүзінде өткізіліп жатқанын аға тәлімгер Жекеева К.Е. бақылады. Бұл тәрбие сағаттары балаларды тек қана зұлымдықсыз, зорлықсыз өмірге ғана тәрбиелеген жоқ. Онымен қоса, адамгершілік қасиеттерін дамытып, жақсылыққа үйретіп, өз құқықтарын жетілдіріп және басқа да қасиеттерін адам бойына сіңірген. 8 қарашада «Біз бақытты балалармыз» атты флеш- моб өтті. Өткізген Абрахманов М.К. Өте қызықты өтті. Балалар қызығушылықтарын танытып, мәңгі есте қалатындай көңіл көтерді. Бұл флеш- мобқа мектеп оқушылары барлығы қатысты. «Мектеп, бостандық жер көлемі зорлығына жол берме» атты ашық микрофон 11 қарашада өтті. Оған 5- 9 сынып оқушылары қатысты. Өткізген Жекеева К.Е. 13 қарашада «Алдар көсе» атты мультфильмдер көрмесі өтті. «Қошақан» шағын балалар тобының кішкентай бүлдіршіндері қуана мультфильмді тамашалады. Бұл іс-шараға жауапты болған шағын балалар орталығының тәрбиешілері Жекеева К.Е. және Мангутова Р.К. 14 қарашада ата- аналар көмитетінде «Отбасымда зорлық жоқ» атты тренинг іс жүзінде жүзеге асты. Жауапты Қыдырбекова А.Т. және Дүйсембаева Б.К. «Әкем, анам және мен» 18 қарашада көңілді жарыстар өтті. Бұл жарысқа 1-4 сынып оқушылары қатысты. Жауапты дене шынықтыру мұғалімі Баяндинов Б.С. 19 қарашада «Біз бақытты өмір сүруіміз керек» атты дискотека өтті. Жауапты Жекеева К.Е. және Баяндинов Б.С. Сонымен қорыта кететін болсақ, өткізілген іс- шаралар бостан- бос өткен жоқ. Балалар кішкентай кезінен- ақ зұлымдықты жақсылықтан айыра білуі. Қазіргі таңда болып жатқан зорлықтардан аулақ болуын тәрбиелеу. Әр оқушы өз құқықтарын білу және әр бала бақытты екендігін көздерін ашу болды. Бұл мақсат жүзеге асты деп айтуға болады.
Тілеубай білім беру негізгі мектебі бойынша «Бәйтерек» ұйымының
Ұлан басшысы сайлауының қортындысы 2013-2014 оқу жылы
2013 жылғы қазан айының 25 күні «Бәйтерек» ұйымында Ұлан басшысының сайлауы өткізілді. Сайлаудың алдында № 1 протоколы бойыншаҰлан жиыны өткізілді, бұл жиында Ұлан басшысына 3 /үш/ қандидат тағайындалды: 7-сынып оқушысы Олжабаева Диана, 6-сынып оқушысы Олжабаев Әділбек және 7-сынып оқушысы Ғазизова Махаббат. Тізім бойынша сайлауға 21 бала қатысты, барлығы дауыс берді. Сайлау өткізілген соң сайлау мүшелері: төрағасы Олжабаева Әйгерім 9-сынып оқушысы және мүшелері Дүйсембай Асылбек 6-сынып оқушысы, Уақпаева Жасмин 4-сынып оқушысы сайлау бюллетендерін санау жүргізді. Қорытындысына келгенде 7-сынып оқушысы Олжабаева Диана Үлан басшысы болып сайланды.
8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ
Меню на 2014-2015 год
Типовая конкурсная документация