1

АТА-АНАЛАРҒА АҚПАРАТ

 

 

Тілеубай негізгі мектебі бойынша

«Мектепке жол» акцисы туралы мәлімет

 

       13 тамыз күні Тілеубай негізгі мектебінде «Мектепке жол» акция өз жалғасын тапты. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының балаларына киім және аяқ киім берілді.  Бұл заттарды алуға мектеп мұғалімдері, балалар шағын оталығының тәрбиешілері, мектеп медағасы өз үлестерін қосты. Қиім мен аяқ киімдер 30000 /отыз мың/ теңге көлемінде алынды.

 

 

 

 

Тілеубай негізгі мектебі бойынша

1-сыныпқа – бірінші рет акцисы туралы мәлімет

 

   6 тамыз күні Тілеубай негізгі мектебінде 1-сынып ата-аналарының қатысуымен жиналыс өткізілді. Биыл мектеп табалдырығын 3 бала аттағалы отыр. Ата-аналар 1-сыныптың оқу жүктемесімен танысып шықты: алдымыздағы оқу жылында оқушыларға арналған шет тілі пәні енгізіледі. Қалай тамақтанады, қандай оқулықтарымен жұмыс жасайды, мектеп формасы туралы мәселелер көтерілді.

   Осымен қатар 1  сыныпқа баратын 3 оқушыға мектеп сумкасы сыйланды. Сумка ішінде оқуға керекті кеңсе заттары бар. Осы акция барысында бізге Байқоныс ауылдық округінің әкішілігі көмек көрсетті. 

 

                                                

           

 

               

Тілеубай негізгі мектебі бойынша

 

мүгедек күніне арналған шараларды өткізу туралы мәлімет

 

 

  Тілеубай негізгі мектебі бойынша 1 мүгеде бала бар. Ол 8-сынып оқушысы үйде оқитын Хамитов Арман. Мектептің мұғалімдер ұжымы бұл балаға арнап кеңсе заттарын, тәтті сыйлықтар сыйлады. Балалардың орындауында шағын концерттік бағдарлама көрсетілді. 6-7-сынып оқушылары «Әрқашан да күн сөнбесін» атты сурет сайысына қатысты.

 

 

 

 

 

                                                                              

Тілеубай негізгі мектебі бойынша

 

құқық бұзушылыққа қарсы

 

қолданылатын алдын алу шаралар

 

қараша айы 2013 ж

 

  Қараша  айында мектеп бойынша келесі шаралар өткізілді: «Сен заңды білесің бе?» атты сынып сағаты өткізілді. Бұл шараға 1-9- сынып оқушылары қатысты. Оқушылар спорт сецияларға қатысады. 18.00 сағаттан кейін рейд жасалады. Рейдке сынып жетекшілері мен ата-аналар комитетінің мүшелері қатысады. Мектепішілік және тәуелді топтарда  есепте тұрған оқушылар жоқ.

 

 

                                                                  

 

 

 

 

Тілеубай негізгі мектебінің өзін-өзі тану

пәнінен өткізілген шаралар бойынша.

Бұл декада 3.02.2014. күні жалпы жұмыс жиынынан басталды. Жұмыс жиынында оқушыларды декада жоспарымен таныстырды. Оқушылар шаттық шеңберге түрып, бір-біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айтты. Әртүрлі ойындар өткізілді.  6.02.2014 күні 6-сыныпта А.И. Уваисова «Денсаулық-зор байлық» атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар «Денсаулық гүлін»  екті.  Сабақ соңында оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін білдірді. «Әрқашан күн сөнбесін» атты тақырыбына 10.02.2014 күні 1-9 сынып оқушыларына сурет сайысы өткізілді. Сурет сайысында  6-сынып оқушысы Дүйсембай Асылбек-1-орын алды, 2-орын  3-сынып оқушысы Абу Ділназ алды, 3-орын Манғұт Әмина 3-сынып оқушысы. Оқушылар бойындағы өнерлерін «Жұлдыз» атты фестивалінде көрсете білді. Бұл фестиваль 8.02.2014 күні өткізілді. 1-орын 7-сынып оқушысы Олжабаева Диана, 2-орын Уақпаева Жасмина 4-сынып оқушысы, Олжабаев Әділбек 6-сынып оқушысы 3-орын иеленді. 5.02.2014 күнінен «Кішкентай бөбек» акциясы ұйымдастырылды. Бұл акцияда оқушылар «Қошақан» шағын орталығындағы балаларға арнап бір ойыншықтан сыйлады. Бастауыш сынып мұғалімі А.А. Абишева 1-3 сынып оқушыларына «Алтын жүрек анамыз» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушылар «Менің анам» тақырыбына әңгіме құрды.  Аналарына арнап жақсы тілектерін білдірді. Бастауыш сынып мұғалімі А.А. Нұғман 2-4 сынып оқушыларына «Өмір қымбат-досыңмен» атты тәрбие сағатын өткізді. Бұл декададан оқушылар  жақсы әсер алды. Әр оқушы  өз өнері мен шығармашылық қабілетін еркін көрсете білді.

    

       Мектеп директоры:                          Т.Д. Манғұтов