1

Қарттар, ұстаздар күні

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше. Әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықттау үшін «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты шағын мерекелік кеш біздің мектебімізде де өткізілді. Оқушылар ата -әжелерімізге арнап өз өнерлерін көрсетіп, шағын қойылымдар қойды. Қарттарымыз ризалығын білдіріп, балаларға ізгі тілектерін айтып, Елешев Иманбек ата өз батасын берді.