1

"Балдәурен" сауықтыру алаңы

   1  маусым балалар күнімен қатарлас ашылған «Балдәурен» сауықтыру алаңының ашылғанына да біраз уақыт өтті. Осы күндерді асыға күткен балалардың қуанышында шек жоқ. Таңғы сағат 9- ды асыға күтіп, кешке қимастықпен үйді –үйлеріне қайтады. Әр түрлі ұйымдастырылған сайыстарға да құлшыныспен қатысып, өз өнерлерін ортаға салуда. Әр күнін сергек өткізу мақсатында таңғы жаттығу жасап, бой сергітеді. Үш мезгіл тамақтанып, таза ауада серуендейді. Осы 13 балаға ұйымдастырылып ашылған сауықтыру алаңында «Рәміздер күні», «Ертегілер еліне саяхат», «Оқырмандар үйірмесі», «Ағылшын және қазақ тілінен лингвистикалық алаңы», «Сән әлемі», «Теңіз мерекесі», «Би өнері», «Ән сайысы», «Еркін сурет сайысы», «Қол өнері», «Асық –ұлттық ойыны», «Эстафеталық ойындар», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған сурет голлереясы» сынды түрлі сайыстар мен жарыстарда әркім өз өнерін көрсетіп отырды.