1

1 маусым -балаларды қорғау күні

Мектебімізде 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты балалар» атты салтанатты мереке өткізілді. Мерекеге  балаларға арналған кітап көрмесі, әр түрлі нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, шарлар безендірілді. Бұл балалар мерекесіне ата-аналар комитеті және мәдениет үйінің меңгерушісі Жолан Ерназар Жанатұлы ат салып, белсенді қатысты.  Жүргізуші  құттықтау сөзін мектеп директоры Мангутов Тоқтар Дүйсембайұлына,  келген конақтарға және мәдениет үйінің меңгерушісіне берді.  Бүгін балалық шақтың ең тамаша мейрамы. Бүгін жадыраған жаздың ең алғашқы ғажайып қақпасы ашылар керемет шақ және «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының ашылу салтанаты. Осы мерекелік салтанатты 4 сынып оқушысы Аубакирова Зураш жүргізді. Іс –шара барысында мектеп оқушылары мерекелік концерт қойып, әндер тамашаланды. Атап айтсақ: «Күн әлемі, көк әлемі» әні топпен орындады, «Көңілді күн» әнін Уақпаева Жасмина, «Жангүлім» әнін Темеш Марал, «Бахыт деген» әнді Манғұт Әмина, Олжабай Айнагүл, Уақпаева Жасмин орындаса, «Бала тілегі» әнін бастауыш сынып оқушылары Олжабай Олжас, Дәурен Ақжол, Телеганов Мұрат және Аубакирова Зураш орындап шықты, ал «Соловушка» атты биімен  Аубакирова Зураш мен Тышткова Мадина, Олжабай Айнагүл  ортаға шығып, таңқалдырды. Оған ата-аналар қосылып бидің көркін келтірді. Мереке соңында балалар ортағы шығып, мың бұралып, флешмоб биледі. Ата-аналар арнап ойын ұйымдастырылды. Ойыннан кейін балаларына арнап жылы лебіздерін білдірді. Ал, мәдениет үйінің меңгерушісі Жолан Ерназар Жанатұлы балаларға балмұздақ таратып, демеушілік етті. Балалар өздеріне арнап ұйымдастырылған мерекеге қуанып, ризашылығын білдірді.